» Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Safir Haber

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Жаңалықтар Ақорда Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы,...

26 Şubat 2022
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Жаңалықтар
Ақорда
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жұмыстары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kazaktelekom-ak-baskarma-toragasy-kuanyshbek-esekeevti-kabyldady-241214

Etiketler :
HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
YASAL UYARI! Suç teşkil edecek, yasadışı, tehditkar, rahatsız edici, hakaret ve küfür içeren, aşağılayıcı, küçük düşürücü, kaba, pornografik, ahlaka aykırı, kişilik haklarına zarar verici ya da benzeri niteliklerde içeriklerden doğan her türlü mali, hukuki, cezai, idari sorumluluk içeriği gönderen kişiye aittir.
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ
Haber Yazılımı