» Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Safir Haber

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Жаңалықтар Ақорда Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді 2022...

23 Şubat 2022
Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді
2022 жылғы 22 ақпан
Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылады.

 

Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрал-жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылды.

 

Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты.

 

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту үшін қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-arselormittal-kompaniyasynyn-baskarma-toragasy-bas-atkarushy-direktory-lakshmi-mittalmen-kezdesu-otkizdi-2211316

 

Etiketler :
HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
YASAL UYARI! Suç teşkil edecek, yasadışı, tehditkar, rahatsız edici, hakaret ve küfür içeren, aşağılayıcı, küçük düşürücü, kaba, pornografik, ahlaka aykırı, kişilik haklarına zarar verici ya da benzeri niteliklerde içeriklerden doğan her türlü mali, hukuki, cezai, idari sorumluluk içeriği gönderen kişiye aittir.
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ
Haber Yazılımı